Құжаттар тізімі:
1. Денсаулық паспорты, Ф. 052 барлық тар мамандардың медициналық тексеруімен.
2. Ф. 063 егу картасының көшірмесі.
3. Т. 027, эпидемиологиялық ортаның анықтамасы (қолданылу мерзімі 3 күн)
4. Нәжісті талдау (жарамдылық мерзімі 10 күн)
5. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі
6. Электрондық шарт
Балаңызды біздің балабақшаға ҚАБЫЛДАУ ҚАЛАЙ ЖҮРЕТІНІН тағы бір рет қарастырайық!
1 - УРА! Сіз ИНДИГО сайтынан ВАУЧЕР алдыңыз!
Бұл — балаңызға мемлекеттік дотациямен балабақшадан орын берілді деген сөз.
2 - Электрондық келісімшартқа қол қоюға 5 күніңіз бар!
Қол қойдыңыз ба? Онда қағаз түріндегі құжаттармен дереу балабақшаға келіңіз. Кешіктірмеңіз!
3 - НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Келісімшартқа қол қоюдан бас тартуымыз мүмкін, егер:
- балада жасына сай екпелер болмаса;
- құжаттар толық емес не дұрыс толтырылмаса.
4 - МАҢЫЗДЫ! Электронды келісімшартқа сіздің жеке қатысуыңызсыз қол қойылмайды.
Алдымен онлайн келісімшартқа қол қоясыз, құжаттарыңызды өзіңіз әкелесіз — тек содан кейін ғана балабақша өз тарапынан қол қояды. Бізде бұл үшін тек 1 күн уақыт бар.


